Хабарландыру 11.08.2026

Бос орын, конкурс

Ақтөбе қаласы Астана ауданы Жаңақоныс тұрғын алабы, Бірлік орамы 397Б құрылысында орналасқан «№ 69 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-сіне қажетті бос жұмыс орындарына enbek.kz порталында, мектептің kgu-sch69.edu.kz сайты мен 69_mektep ресми аккаунтында жарияланып отырғанын хабарлайды.
Педагогтерді орта білім беру ұйымдарына лауазымдарға тағайындау конкурсы «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде (бұдан әрі — Модуль) (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады.
Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі, яғни 2026 жылғы 12 -20 тамызы аралығында қабылданады. Конкурстық комиссияның қорытынды Қағиданың 119- тармағына сәйкес 5 жұмыс күні аралығында өткізіледі.
Конкурс өткізуге байланысты төмендегі мәліметтерді ұсынады:
— білім беру ұйымының атауы:Ақтөбе қаласы Астана ауданы Жаңақоныс тұрғын алабы, Бірлік орамы 397Б құрылысында орналасқан «№ 69 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, оқу тілі-қазақша. Байланыс телефоны 87132 45-61-10, 87711681369
Мектеп почтасы: Aktobe69mektep@yandex. kz
-бос лауазымның атауы:

  1. Педагог-психолог-1 бірлік, тұрақты
  2. Педагог-психолог-1 бірлік, уақытша негізгі маманның орнына 2026-2027 оқу жылына
  3. Бастауыш класс мұғалімі-1 бірлік тұрақты

Педагог жалақысы педагогтың білім деңгейі, еңбек өтілі, санаты т.б. есебінен анықталады.
-Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығының талаптарына сәйкес болу керек.
Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер келесі құжаттарды электронды түрінде тапсырады:

  1. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
  8. наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
  9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  10. ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
  11. осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  12. жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
"№69 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ